Кәсіпқой бокс • 17 Наурыз, 2022

Мурата менің деңгейімдегі қарсыласпен кездескен емес – Геннадий Головкин

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин кезекті қарсыласы, жапониялық Риота Муратаның бұған дейін кездескен қарсыластарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мурата менің деңгейімдегі қарсыласпен кездескен емес – Геннадий Головкин

«Риота Мурата бүгінгі күнге дейін өте жоғары деңгейдегі бокстың не екенін көрген жоқ. Енді сезінеді. Мен оның бұрынғы қарсыластарының деңгейін төмендеткім келмейді. Ол екі жеңілісі үшін қарымта қайтарып үлгерді. Риота өзінің сұхбаттарында маған қарсы өтетін шайқасты кәсіби мансабының шыңы деп айтып та жүр. Алдағы кездесуге барынша тыңғылықты дайындалып жатқанына ешқандай күмәнім жоқ. Кезінде бірге жаттыққаннан кейін екеуміз бір-біріміздің қыр-сырымызды жақсы білеміз», деді Геннадий Головкин сұхбаттарының бірінде.