Ауа райы • 18 Наурыз, 2022

Жұмада күн жауын-шашынды болады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 наурызда күн райы Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады. Оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы қалыптасады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмада күн жауын-шашынды болады

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда – көктайғақ, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда - 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады. Оның екпіні кейде 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз-желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының солтүстігінде – тұман, орталығында 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында түнде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігінде түнде тұман басады. Қостанай облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстік-шығысында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман болады.