Спорт • 18 Наурыз, 2022

Сербияға сапар шекті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-20 наурыз күндері Сербияның астанасы – Белградта жеңіл атлети­ка­дан жабық ғимараттағы әлем чем­пионатының жалауы желбірейді.

Сербияға сапар шекті

Негізі бұл жарыстың жолдамасына төрт спортшымыз иелік еткен еді. Олар – Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру). Алайда Белградта тек үш жерлесіміз ғана бақ сынайды. Ұлт­тық командамыздың бас бапкері Дми­трий Карповтың айтуынша, Сафронова биыл АҚШ-тың Орегон қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионаты мен Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарына тың­ғылықты даярлануды жөн көрген екен.

Естеріңізге сала кетейік, жабық ғима­раттағы әлем чемпионаты 1985 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстандық жеңіл атлеттер арасында кезінде Игорь Потапович, Ольга Шишигина, Григорий Егоров, Дмитрий Карпов және Ольга Рыпакова жеңіс тұғырына көтерілген.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10