Спорт • 18 Наурыз, 2022

Даярлықтарын бастайды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстанның жастар құрамасы 2023 жылы өте­тін Еуропа біріншілігінің іріктеу турниріне өз даярлықтарын бастайды. 

Даярлықтарын бастайды

Бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов команда сапына мына ойыншыларды шақыртты:

Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар») және Қажымұқан Төлепберген («Ордабасы»). Қорғаушылар –Арсен Бұраншиев, Дамир Қасаболат, Егор Тка­ченко («Кайрат»), Сағи Совет («Астана»), Лев Скворцов («Тұран»), Жалғас Жақ­сылықов («Тараз»), Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва) және Алек­сандр Широбоков («Қайрат-Москва», Ре­сей). Жартылай қорғаушылар – Сұл­тан Сағынаев, Станислав Басманов («Ас­тана»), Еркебұлан Сейдахмет, Да­нияр Үсенов («Қайрат»), Елхан Астанов («Ордабасы»), Дінмұхаммед Қараман, Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Дамир Марат, Жасұлан Кайыркенов («Ақсу») және Жасұлан Жұмашев («Тобыл»). Шабуылшылар – Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Вячеслав Швырев («Қайрат») және Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Өкінішке қарай, еліміздің жас­тар құрамасы іріктеу турниріндегі бес кез­десудің барлығында ұтылып, жарыс кестесінде соңғы орынды қанағат тұтуда. 29 наурызда жерлестеріміз Алматыдағы Орталық стадионда Шотландия құрамасын қабылдайды.