
«Бүгін біз үшін өте маңызды ойын сәтті аяқталды. Еуропалық турнирде мүмкіндігінше жеңісті жорықты жалғастыруға күш салатын боламыз. Футбол жанкүйерлері біздің команданы спорттық бабына енді дегенді жиі айтып жатады. Алайда алдағы ойын біз үшін өте қиын жағдайда өтетіні түсінікті. Өйткені «Реал» мен «Барселона» арасындағы кез келген ойын тартысқа толы болады», дейді Хави Еуропа лигасындағы «Барселона» мен түркиялық «Галатасарай» арасында өткен ойыннан кейін.