Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Аммиак селитрасының бағасы арзандады

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында тыңайтқыш бағасын реттеу бағытында тындырылған шаруаларға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аммиак селитрасының бағасы арзандады

«Минералды тыңайтқыштардың қолжетімділігіне келер болсақ, жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Үкімет қолдауының арқасында диқандардың сұранысын қанағаттандыру үшін отандық минералды тыңайтқыштарды өндірушілермен уағдаластыққа қол жеткізілді. Аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді», ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойныша, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Кең дала» бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы 80 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген кредитпен қамтамасыз етілген.

«Бұл ретте, ағымдағы жылы форвардтық сатып алу көлемі 2 есеге артты. 17 наурыздағы жағдай бойынша «Кең дала» бағдарламасы бойынша 94,8 млрд теңге сомасына өтінімдер келіп түсіп, оның 46,6 млрд теңгесі қаржыландырылды. Осылайша, бұл мақсаттарға бөлінген кредиттік ресурстардың алғашқы 2 траншы толығымен дерлік игерілді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 76 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер келіп түсіп, оның 52,5 млрд теңгесі қаржыландырылды», деді Ербол Қарашөкеев.