Ауа райы • 18 Наурыз, 2022

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 19-21 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

«Апта соңында, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда, 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға жаңа жер аудандарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды.

Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысып, 21 наурызда республиканың көп бөлігін қамтиды. Осыған байланысты ауа температурасының жоғарылауы және ауа райының нашарлауы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын, желдің күшеюі, боран болады. Республика бойынша тұман күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.