Аймақтар • 18 Наурыз, 2022

Түрмеге телефон кіргізбек болғандар ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «УК-161/2 мекемесі» РММ режимдік бөлімінің қызметкерлері әскери бөлімнің сарбаздарымен бірлесіп қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрмеге телефон кіргізбек болғандар ұсталды

«Қадағалау» Республикалық режимдік іс-шарасы кезінде мекемеге ағаш фанераларын әкелген көліктен 9 телефон, 4000 теңге және 750 Ресей рублі, сондай-ақ сим-карталар мен зарядтағыш анықталған.

«ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін бастапқы материал жинақталды», деп түсіндірді ведомствода.

Осы бап бойынша ескерту жасалады немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды алып өтуді болдырмаудың 23-ке жуық жағдайы тіркелген.