Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Мерекелік шараларға шектеу қойылмайды – Ажар Ғиният

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз қарсаңында мерекелік шараларға шектеу қойылмайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерекелік шараларға шектеу қойылмайды – Ажар Ғиният

«Қазір эпидахуалдың жақсаруына байланысты барлық шектеу алынып тасталды. Енді бұрынғы ковидсіз өмірді қайта қалпына келтіру керек. Сондықтан барлық мерекелік шараларға шектеу қойылмайды», деп жауап берді Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде журналист сұрағына.

Дегенмен, министр әр адам өз денсаулығын ойлауы керегін, ауырып жүргендер ерікті түрде оқшаулануы қажеттігін айтты.

«ЖРВИ немесе қандай да бір тұмаумен ауырып жүрген адам көп жиналатын орындарға бармағаны дұрыс», деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, наурыз айында коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 33 есе төмендеген. Қазір еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта орналасқан.