Жекпе-жек • 19 Наурыз, 2022

Конор келесі шайқасында кіммен кездескісі келетінін айтты

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор жарақатынан айыққаннан кейін кімге қарсы октагонға шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz сhampionat.com-ға сілтеме жасап.

Конор келесі шайқасында кіммен кездескісі келетінін айтты

«Жеңіл салмақ дәрежесіне қайта оралмаймын. Қазіргі таңда жақсылап тамақтанып, жаттығып, күш жинап жүрмін. Бүгінде өзімнің қалыпты қалпыма келдім. Қаласам тағы да салмақ қоса аламын. Маған жартылай орта салмақ дәрежесі ұнайды. Диасқа, Серронеге қарсы өткізген жекпе-жектерім жұрт жадында деп ойлаймын. Келесі жекпе-жекте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Камару Усманға қарсы октагонға шыққым келеді. Аталмыш шайқаста жеңіске жету мүмкіндігім мол деп есептеймін. Одан төнетін ешқандай қауіпті көріп тұрғаным жоқ», дейді ирландиялық аралас жекпе-жек шебері.