Аймақтар • 19 Наурыз, 2022

Петропавлда Ұлттық ұланның Академиясы ашылды

1347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2 ақпан күні Ұлттық ұлан әскери институты Академия болып қайта құрылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда Ұлттық ұланның Академиясы ашылды

Петропавлдағы Академияның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Әлібек Сералиев, әскери оқу орнының бірінші басшысы болған, отставкадағы генерал-майор Амангелді Дүкенев, отставкадағы полковник Сәбит Ахметов, аталмыш оқу орнын  үздіксіз 11 жыл бойы басқарған, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті Ұлттық ұлан факультетінің басшысы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, оқу ордасының офицерлері мен профессорлық-оқытушы құрамы, ардагерлер қатысты.

Салтанатты рәсім алаңға әскери институттың Жауынгерлік туын әкелумен басталды. Осы күннен бастап әскери оқу орнының Академия атануына және жаңа формациядағы офицерлерді дайындауына ресми түрде жолдама берілді.

Жеке құрамның алдында алғаш сөз алған генерал-майор Әлібек Сералиев осыдан ширек ғасыр бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі әскерлер, бүгінгі Ұлттық ұлан үшін офицер кадрын дайындайтын әскери оқу орнының құрылғанын атап өтті.

Кейіннен генерал-майор Жұмабек Ахметов, институт ардагерлері отставкадағы генерал-майор Амангелді Дүкенев пен оставкадағы полковник Сәбит Ахметов ізгі тілектерін білдірді.

Салтанаты шара кезінде қызметте қол жеткізген табыстары, әскери оқу орнының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген әскери қызметшілер мен ардагерлерге ҚР Ішкі істер министрі, Қорғаныс министрі, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің атынан  медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар, сондай-ақ мерзімінен бұрын әскери атақтар тапсырылды.