Әлем • 19 Наурыз, 2022

БҰҰ Ресейдің күдігін жоққа шығарды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ-ның қарусыздандыру мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Идзуми Накамицу Украина жерінде биологиялық қару бағдарламасы туралы мәлімет жоқ екені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

БҰҰ Ресейдің күдігін жоққа шығарды

Бұл туралы осыдан біршама уақыт бұрын ресми Мәскеу хабарлап, Киев биологиялық қару жасап жатыр деген сыңайда ақпарат таратқан болатын. Тіпті, Ресей тарапы аталмыш елде АҚШ қаржыландыратын зертхана бар деп те айыптаған еді. Алайда Идузми Накамицу бұл айыптауларды жоққа шығарды.

«Ресей тарапы Қауіпсіздік кеңесіне өздері таратқан ақпарат бойынша құжат тапсырғаны белгілі болды. Әйткенмен, мен бұған дейін де БҰҰ мінберінде Украинада мұндай бағдарлама жоқ екенін мәлімдеген болатынмын. Солай екендігіне ешқандай күмәнім жоқ. Ал ұйымға келсек, бұл ақпаратты тексеретін бізде құзірет те, мандат та жоқ», деді ол өз ойын түйіндеп.