Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасының 5 күндік коуч-сессияларының арқасында еліміздің 40-тан астам шағын және орта кәсіпорны (ШОК) шетелге тауарларын экспорттаудың жолдарын меңгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жобаны іске асырған Халықаралық сауда орталығы (ХСО) өңірлік іс-шарада экспортты басқаруды оқыту жөніндегі бастаманың (EMCI) қандай нәтиже бергенін көрсету үшін қорытынды іс-шара ұйымдастырды.
EMCI бизнесі барларға экспорттық операцияларды басқаруда туындайтын күнделікті мәселелерді шешуге көмектеседі. Бастама өндірістен қол үзбей, бенефициарлар аумағында жүргізілетін жеке оқытудан тұрады. Қазірге Орталық Азияның барлық бес еліндегі 212 кәсіпорын бастама аясында берілген құралдарды, білім мен техникалық көмекті пайдаланған. Аталмыш жобаның Қазақстандағы ұлттық серіктестері – «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.
Өткен жылы да EMCI бастамасын үйлестіруді басқарған ХСО-ның саудаға жәрдемдесу жөніндегі кеңесшісі Огюстен Баре: «COVID-19 пандемиясының Орталық Азия экономикасына әсері үлкен болды және оның алдағы жылдары одан әрі дамуы мен әртараптандырылуына ауыр зардаптар әкеледі. Қалпына келтіру өңірдегі жаһандық әлеуметтік-экономикалық ландшафттың негізі болып қала беретінін ескере отырып, ШОК күші мен тұрақтылығына негізделеді», дейді.
«Осы тұрғыда Ready4Trade жобасы шеңберінде экспортты басқаруды оқыту бастамасы ең маңызды кезеңге сәйкес келіп отыр. Бұл бастама өңірдегі экспорттаушылардың саудадағы кейбір негізгі кедергілерін жоюға ықпал етеді әрі экспортты басқару туралы жалпы білімдерін жақсартты», дейді Огюстен Баре.
Алматыда өткен өңірлік іс-шарада 2021 жыл ішінде іске асырылған коучингтік миссияларды өткізуден алынған сабақтар көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар көрмеде ұсынылған бенефициарлардың тауарларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Іс-шараға қатысушылар EMCI-ді өңірге бейімдеу және болашақта жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өз бақылаулары мен ұсыныстарымен бөлісті.
Мысалы, 2021 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 60,3 миллиард доллардан асқан. Тауарлардың басым бөлігін Қазақстан Еуропаға экспорттады - 25,2 млрд доллар, бұл экспорттың жалпы көлемінің 41,8% - ын құрайды.
Ready4Trade Орталық Азияның бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған. 4 жылдық бастама ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады, ол инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, осылайша өңірдегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді. Ready4Trade жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және Халықаралық сауда орталығы іске асырады.
Алматы
Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді
ANTIKOR • Бүгін, 18:42
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Бүгін, 18:03
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:57
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 17:42
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:30
ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Қоғам • Бүгін, 17:22
12 жастағы қызды зорлаған ақмолалық ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Елордада Ironman жеңімпаздары анықталды
Елорда • Бүгін, 17:13
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Үкімет • Бүгін, 15:16
«Баланы мектепке жинайық» акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:00
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Білім • Бүгін, 14:57
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:45
Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді
Қазақстан • Бүгін, 14:39
Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:30
Петропавлдағы қалалық сотқа «бомба» қойылды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:10
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 14:01
«Қарасора» 607 қылмыстың бетін ашты
Қоғам • Бүгін, 13:40
Экономика • Бүгін, 13:23
Есірткі жарнамалаған 1,6 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 13:01
Киікті атқан Ақмола тұрғынына қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Бүгін, 12:42
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Ұқсас жаңалықтар