Жекпе-жек • 19 Наурыз, 2022

Дана Уайт бұрынғы чемпиондарды октагонда кездестірмек

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дана Уайт ауыр салмақта әлемнің уақытша чемпионын анықтауға бел буып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz сhampionat.com.-ға сілтеме жасап.

 

Дана Уайт бұрынғы чемпиондарды октагонда кездестірмек

«Иә, ауыр салмақта әлемнің уақытша чемпионын анықтау маңызды болып тұр. Қазіргі таңда әлем чемпионы Фрэнсис Нганну алған жарақатынан әлі айықпайтыны белгілі болды. Сондықтан оған міндетті қарсылас іздеу үшін әлемнің уақытша чемпионын анықтау керек. Сол үшін де Стипе Миочич пен Джон Джонсты октагонда кездестуріге бел буып отырмын. Бұл жекпе-жек жанкүйерлерге ұнайтындығына ешқандай күмәнім жоқ», дейді ұйым басшысы.