
Биіктікке секіруден сынға түскен Надежда Дубовицкая аталмыш доданың қола жүлдегері атанды. Ол 1,98 метр биіктікті бағындырды. Ал бәсі басым додада алтын медаль украиналық спортшы Ярослава Магучикқа бұйырса, австралиялық Элеонора Паттерсен күміс жүлдені қанағат тұтты.