Әлем • 20 Наурыз, 2022

Бердімұхамедов министрлер кабинетін таратты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан елінің жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетін тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бердімұхамедов министрлер кабинетін таратты

«Ел президенті Түрікменстан Конституциясына сәйкес үкімет мүшелерінің толығымен отставкаға кетуі туралы қаулыға қол қойып, оларға министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды тапсырды», деп жазды «Нейтральный Туркменистан» газеті.

Естеріңізге сала кетейік, Сердар Бердімұхамедов сенбі күні мемлекет басшысы ретінде ресми түрде ант қабылдап, қызметіне кіріскен болатын.