Қазақстан • 20 Наурыз, 2022

Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықтың мәнін терең түсінеді – шетелдік сарапшы

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың мемлекетті жаңарту және жаңғырту үшін ұсынған саяси реформалары мақсатына жететіні сөзсіз. Бұл 30 жылдық дамудың берік негізіне негізделген батыл және қол жетімді жол картасы деуге де болады.

Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықтың мәнін терең түсінеді – шетелдік сарапшы

Қасым - Жомарт Тоқаев халқын жұдырықтай жұмылдыруға күш салып отыр. Ол қазақстандықтар соңғы 30 жыл ішінде мақтан тұтқан Тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін реформалардың қажеттілігін түсінеді. Ол бастаған саяси реформалар осының бәрін сақтауға көмектеседі.

Бізді аталмыш елдегі қасіретті қаңтар оқиғасы мазалағаны рас. Сондықтан ел ретінде алға басу үшін Президент Тоқаев өз сөзінде ақпаратты шынайы, ашық және толық есепке алу керектігін айтты. Сондай-ақ қылмысты ашуды қамтамасыз ету бойынша белгілеген қадамдары заң үстемдігін және елдегі адам құқықтарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді, халықтың сеніміне ие болады.

Өңірлік және жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттіктердің, жауапкершіліктің және фискалдық ашықтықтың одан әрі ара жігін ажырату кез келген қазіргі заманғы ел үшін алға бастайтын маңызды қадам екені даусыз. Қуатты өңірлер мен жергілікті билік органдары мықты және ұйымшыл қоғамдастықтар құрады. Қазақстандағы реформалардың жаңа пакеті нақ осы бағытқа бағытталған.

Даниэль Витт, АҚШ-тағы халықаралық салық және инвестициялық орталығының президенті.