Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 21 наурызда циклон жырасының және атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады. Түнде елдің солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын болады.
Қостанай облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдадығы секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ, түнде солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с. Павлодар облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз батыста екпіні 25 м/с, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі, солтүстік-батысында, батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, екпіні 23 м/с болаып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.
Жамбыл облысының түнде тауларында, күндіз басым бөлігінде тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20мертге дейін күшейеді, екпіні 23 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында – тұман түсіп, шығысында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен еседі. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұман түсіп, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.