Президент • 21 Наурыз, 2022

Президент Алматыдағы Үстел теннисі орталығын көрді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 

Президент Алматыдағы Үстел теннисі орталығын көрді

Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді. Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12 және жаттығу жасайтын 24 үстел бар.

Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.