Оқиға • 21 Наурыз, 2022

Павлодарда электролиз зауытында өрт шықты

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытында өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температураның көтерілуі салдарынан түтіндеп, оның соңы өртке айналған, деп хабарлайды Egemen.kz.



Павлодарда электролиз зауытында өрт шықты

«20 наурызда Қазақстан электролиз зауытының электродтар шығаратын цехының газ тазалау жүйесінде өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, оның соңы өртке ұласқан», деп хабарлады «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ.

Бұл туралы өнеркәсіптік компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті. «ҚЭЗ» АҚ хабарлауынша, келген өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтады. Барлық қызметкерлер өрт орнынан тез арада эвакуацияланды.

«ТБ қызметі жедел жәрдем шақырып, қызметкерлердің денсаулығын тексерді. Жеке құрам арасында оқиға салдарынан улану фактілері анықталған жоқ», деп толықтырды акционерлік қоғам.