03 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №779

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сәуір. №779  

Карим-МасимовКәрім Қажымқанұлы МӘСІМОВ

1965 жылы туған. Пекин тілдер институтын, Ухань уни­вер­ситетінің Заң институтын (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия уни­верситетінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінің бас экономисі, бөлім бастығы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің аға маманы, Қазақстанның Гонконгтағы сауда үйінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Алматы сауда-қаржы банкінің басқарма төрағасы, Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Көлік және коммуникация министрі, Президенттің көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.