Аймақтар • 22 Наурыз, 2022

«2-ЖЭО» ЖШС директоры ұсталды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «2-Жылу-электр орталығы» ЖШС директоры мен бас инженері қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2-ЖЭО» ЖШС директоры ұсталды

Фото: Depositphotos

СҚО прокуратурасы ұсынған мәліметке қарағанда, ұсталған азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 254-бабы «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

21 наурызда СҚО полициясы «2-ЖЭО» ЖШС директоры мен бас инженерін ұстап, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында осы іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен бірге облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі», делінген хабарламада.

Апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен жұмысшы әйелді іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 8:00-де қайта басталды.

Еске сала кетсек, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлап кеткен.

Оқиға орнында жұмысшылардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен.

Облыс әкімі ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты жедел штаб құрды.

Мемлекет басшысы облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.