Аймақтар • 22 Наурыз, 2022

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабылды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, елордадан шығатын бірқатар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабылды

Ikomek жедел қызметінің мәліметіне қарағанда, бүгін, 22 наурыз сағат 10:00-ден бастап «Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылды.

Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Теміртаудың аралығын қамтитын автожол.

Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болды.