Қазақстан • 23 Наурыз, 2022

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің болжауынша, 24 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайдыы Egemen.kz.

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Синоптиктер Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады деп болжайды. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыс орталығында, күндіз солтүстік-шығысында соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман болады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі. 24-25 наурыз аралығында Түркістан облысының тау етегіндегі аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, солтүстігі мен шығысында 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с.

Нұр-Cұлтан қаласында 24 наурызда түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.