Аймақтар • 24 Наурыз, 2022

Павлодарда жол апатынан екі адам қайтыс болды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыз кезінде Павлодар облысында екі жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Полицейлер тиісті тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 наурыз күні сағат 22:50-де Омбы-Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылына жақын бойында Toyota Camry жүргізушісі ауа райына нашарлығынан 25 жастағы жігітті қағып кеткен.

Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жігіт оқиға орнында қаза тапты.

Адам өмірін қиған тағы бір жол-көлік оқиғасы сол күні сағат 18:30-да Павлодар-Ленин кенті жолында болған. «Лада Приора» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарлы боран салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай, жол шетіндегі жақтау темірге соғылып, қайтыс болған.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Ұстаздық ғұмыр белесі

Ұстаз • Бүгін, 08:43

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Әділеттілік тұжырымдамасы

Референдум • Бүгін, 08:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Референдум • Бүгін, 08:13