Елорда • 24 Наурыз, 2022

Елордада бір тәулікте 124 ЖКО тіркелді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бір тәулік ішіінде 124 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада бір тәулікте 124 ЖКО тіркелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны артты. Ірі жол апаттарының бірі 23 наурыз күні сағат 14:30-да Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына апаратын жолда орын алды. Жол апатында 12 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының себебі - метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамау.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қатты тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар

Ұстаздық ғұмыр белесі

Ұстаз • Бүгін, 08:43

Тотықұс асырағанның ұпайы түгел

Кәсіпкер • Бүгін, 08:25

Әділеттілік тұжырымдамасы

Референдум • Бүгін, 08:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Жануарлар • Бүгін, 08:15

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Референдум • Бүгін, 08:13