03 Сәуір, 2014

Дайындық мәселелері талқыланды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайын­дық мәселелері талқыланды. Е.Тоғжанов сессия жұмысына елі­міздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, рес­пуб­ликалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баяндады. Сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, сая­си партиялар, діни бірлестіктер, үкі­меттік емес ұйымдар басшылары, шет мемле­кеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық ин­тел­лигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады. Бұған қоса, Төрағаның орынбасары өңірлік Достық үйлерін дамытудың тұ­жырымдамасын әзірлеу және Ассам­блеяның құрылуының 20 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы хабарлады. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен 2014 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында өтеді. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.