Қаржы • 24 Наурыз, 2022

Доллар бағамы тағы да 10 теңгеге төмендеді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 495,43 теңгені құрап, бірден 9,93 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы тағы да 10 теңгеге төмендеді

Таңғы сауда-саттықта доллар бағамы 501,49 теңгені құраған еді.

Ресей рублінің орташа бағамы 5,19 теңге (+0,29), Қытай юані 78,50 теңге (-0,84) болды.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 491-497 теңгеден, еуроны - 540-550 теңгеден, рубльді - 5,2-5,9 теңгесатып алады/сатады.