Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру туралы» 2014 жылғы 14 наурыздағы №768 Жарлығына сәйкес республиканың барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталды.
Биыл әскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылатын болады. Іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың әскерге шақыруға дейін алынған қолда бар мамандығы ескеріледі.
Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 27 маусымда аяқталады.
«Егемен-ақпарат».