Аймақтар • 24 Наурыз, 2022

Мал баққанға бап керек

156 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда жайылымдық жерлерді алу, ауыл шаруа­шылығы саласын субсидиялау және несиелендіру, жем­шөптің қымбаттауы, гидрогеологияның сан түрлі мәселелері төрт түлік малдан несібе айырған ағайын үшін қоғамның күн тәртібінде өткір тұрған тақы­рыптарының бірі.

Мал баққанға бап керек

Міне, осы сұрағы көп, жауабы аз жағдай Қара­ғандыда «Шопан ата» мал шаруашылығы ұлттық қау­ым­дастығының қатысуы­мен өткен шаруалардың өңір­­лік құрылтайында жан-­жақты талқыланды. Со­­ны­мен қатар кездесуге қа­ты­су­шылар ауыл ша­руа­шы­лы­ғының өзекті мәсе­лелерін көтеріп, өз ұсыныс­тарын да ортаға салды.

Жалпы, Қарағанды облысында барлығы 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы бар екен. Оның 12 мыңнан астамы мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 17 млн гектардан асады. Ал жайы­лымның ауданы 35,5 млн гек­тарды құраса, егіс алқабының аумағы 1,3 млн гектар жерді алып жатыр.

Құрылтайға қатысқан өңір басшысы Жеңіс Қасым­бек агроөнеркәсіптік сектор мәсе­лелерінің бүгінде өте өзекті болып тұрғанын жоққа шығармады.

– Бұл саладағы мәселе­лер аз емес. Біз үнемі шаруа­лармен кездесіп, оларға көмектесуге тырысамыз. Был­тыр жемшөп да­қыл­дарын субсидия­лай бас­тадық. Қазіргі уа­қыт­та осы жұ­мысты жалғас­тырамыз, – деді ол.

Құрылтай жұмысына арнайы келген «Шопан ата» Қа­зақстан мал өсірушілер ұлт­тық қауымдастығының төр­ағас­ы Алмасбек Са­дыр­баев вете­­ринарлық дәрі­герлердің мәр­те­бесін көтеру және оларға лайық­ты жағдай жасау мәселесін көтерді.

– Ветеринария жүйесін реформалау – өте маңызды мәселе. Дегенмен, ол жер­гілікті атқарушы орган­дар­ға тікелей байланыс­ты емес. Бұл Үкімет дең­гей­ін­де көтерілуі тиіс. Біз сын­дарлы ұсыныстар жа­сауы­мыз керек. Атап айт­қан­да, ветеринарлардың ең­бекақысын көтеруді жә­не олардың мәртебесін айқын­дауды ұсынамыз, – деді А.Садырбаев.

Ал фермерлер болса, ауылдық жерлерде штат санын көбейту қажеттігін тілге тиек етті.

Облыс әкімі Жеңіс Қа­сымбек ветеринарлық жүйе­ні реформалаудың маңыз­дылығына тоқталып, бұл бағытта жергілікті атқарушы биліктің оған жан-жақты қолдау көрсететінін жет­кіз­ді. Оған мысал ретінде ол алдымыздағы сәуір айын­да Жезқазған өңірінде вете­ринарлық қызмет жанынан ветеринарлық зерт­хана­ның ашылатынын айтты. Со­нымен бірге облыстық бюджет есебінен өңірде ве­те­ринарлық бекеттердің са­лы­нып жатқанын да атап өтті.

Кездесу барысында жер­гілікті шаруалар өздерін тол­ғандырып жүрген бірта­лай сұраққа жауап алды. Со­­ны­мен қатар жиында ауыл шаруашылығы жерле­рін алу үшін жастарға кво­та бөлу, бие сүтінен космето­ло­гия­лық құралдар шығару өндірісін қолдау, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, тамшылатып суару жүйесін пайдалану және субсидияларды орта және шағын шаруа қожалықтары арасында бөлу бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жалпы алғанда, ұйым­дас­­тырушы тарап та, кездесуге қатысқан шаруа қожа­лық­та­ры­ның өкілдері де құрылтай жұ­мысының нә­тижелі және сын­дарлы сипатты өрбігенін бі­рауыз­дан атап өтті. Жиын қоры­­тындысында облыстағы ат­қарушы органдардың құ­зы­ре­тіндегі мәселелер жер­гі­лік­ті жерлерде шешімін табуы тиіс екені баса айтылды. Ал республикалық деңгейге қатыс­тыларын ілгерілету және оңтай­лы шешілуіне ықпал ету қажет болатыны қаперге алынды.

 

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар