03 Сәуір, 2014

Кең тыныстауға мүмкіндік

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
OLYMPUS DIGITAL CAMERAУақыт деген тым шапшаң. Қазақстан Республика­­сының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кәсіпкерлерді қолдау туралы мәлімдемесі жарияланғалы да бір айдың жүзі болды. Мәлім­­­демеде үстіміздегі жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тек­се­ріс жүргізуге мораторий жарияланғаны айтылған-ды. Мұны біз Елба­сы­­ның кәсіп­кер­лікті дамытуды қолдауға деген шынайы көзқарасы деп түсіндік. Сондай-ақ, мұның өзі ісін жүргізіп отырған халыққа деген үлкен қолдау да еді. Міне, мораторий күшіне енді. Бұдан былай шағын және орта бизнес өкілдері қаптаған тексерулерден көздерін ашып, болашаққа үміттерін жалғап еңбек ететін болды. Әсіресе, кәсіпкерлікке қалыптасып кете қоймаған өз ісін жаңа­дан ашқандардың бірден тексерудің теперішін көруден босағаны шындық. Бұл кәсіпкерлік нысандарының аяғынан нық тұрып кетуіне берілген көмек ретінде оң бағалануда. Мәлімдеме жария­ланғаннан кейін-ақ, тексеруші органдардың жұмысы жаңа арнаға түсетіні белгілі болды. Маған Елбасы мәлім­де­месінде «Мемлекеттік органдар менің Әкім­­­шілігіммен келісе отырып, объективті, әлемдік талаптарға сай тек­серістерді анықтау жүйесін әзірлейді. Бұл жүйе бойынша, 2015 жылдың 1 сәуірінен бас­тап тек шынымен де заң бұзу ықти­малдылығы жоғары кәсіпкерлер тек­серілетін болады. Егер кәсіпкер заңның барлық талаптарын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем бармауға тиіс!» деп қадап айтқаны көңілімдегі сенімді нығайта түскен болатын. Мораторийдің кәсіпкерлердің тынысын кеңейтудегі қайтарымын қазірдің өзінде сезіне бастадық. Ат сабылтып келіп, аула босатпайтын тексерушілер қатары сиреді. Құзырлы орындардың қаптаған тексерістерінің қарқыны бәсеңсіді. Бұл зая кететін алтын уақытымызды өз кәдемізге жаратуға алғышарт жасауда. Жылдар бойы кәсіпкерліктің қатаң қағидаларын бұлжытпай орындап келе жатқан біздің кәсіпорынға да керегі осы еді. Талаптардың жалпы санының 30 пайыздан астам мөлшерге азаюы да қолбайлау қағазбастылықтан құт­қа­ра­ры сөзсіз. Әрине, мораторийді желеу етіп, қайткенде де қарпып пайда табу­ға ұмтылушылық болмауы тиіс. Кәсіп­кер­лер өздеріне беріліп отырған мұндай жеңіл­діктерді игілікке пайдаланады деп ойлаймын. Біздің кәсіпорын «Астық индустриясы» компа­ния­сының құрамына кіретін құрылым болып табылады, еліміздің батыс өңірінде «Корона» сауда маркасымен ұн және макарон өнімдерін ұсынады. Біз Үкіметтің кәсіп­­­керлікті қолдауға бағыт­талған қадамдарының игілі­гін көріп отырмыз десек артық айтқандық болмас. Тексерушілердің әр нәрсені желеу етуінің жолы кесілді. Енді кәсіпкерлермен санаса­тын кез туды. Жалпы, тек­серуші органдардың қайткенде де кемшілік табу­дың істі ілгері апармайты­нына көзін жеткізді, кәсіпкер­мен әріптестік қатынастың негізі қалана бастайды деп ойлаймын. Биылғы жыл кәсіпкерлікті дамыту­­ға кең көкжиектер ашылуымен ерек­шеленеді. АҚШ долларына шаққан­да теңгенің бағамына өзгеріс енгізудің өзі Үкімет тарапынан жасалған экспортқа өнімдерін шығаратын отандық тауар өндірушілерді қорғаудың тағы бір қайта­рымды қадамы. Өткен жылы біздің кәсіпорын алыс-жақын шетелдерге ұн өнімдерін шығаруды 40 пайызға кемітіп алып еді. Енді бұл бағытта жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Мұны алғашқы тоқсанда жұмыс қарқынының артуынан да аңғарып отырмыз. Бұл бізге валюталық пайда табуымызға жол ашады, сондай-ақ, мемлекетке салық түсімін молайтады, жұ­мысшылардың еңбек­ақысының өсуіне мүмкіндік туғызады. Біздің кәсіпорынның қуаты тәулігіне 550 тонна жоғары, 1-2 сортты ұн өнім­дерін өндіруге мүмкін­­­дік береді. Қазір бізге өз өнімдерімізді бәсекелестік нарыққа шығарудың жаңа көкжиектері ашылды. Осын­дай қолдау-көмектің арқа­сында кә­сіпорын өз табысын молайтуға бағыт ұс­тауда. Бұл жұмысқа тың серпін беріп отыр. Қанат ТАПАЕВ,  «Жаңа Әлжан ұн комбинаты» ЖШС бас директоры. Ақтөбе облысы.