Теннис • 25 Наурыз, 2022

20 аптадан бері көш бастап келеді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады.

20 аптадан бері көш бастап келеді

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, жерлесіміз Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында 20 аптадан бері көшбасшылықты ешкімге бермей келеді. Қазіргі таңда қа­зақстандық спортшының еншісінде 505 ұпай бар. Сондай-ақ ТОП-150 теннисшінің қатарына Қазақстанның тағы екі өкілі енген. Атап айтқанда, Дамир Жалғасбай 38-орынға жайғасса, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр.

Junior Masters – Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Бұл жарыста кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған.