Елорда • 25 Наурыз, 2022

Елордадан шығатын жолдар ашылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының жақсаруына байланысты елордадан Теміртау, Щучинск және Ерейментауға дейінгі жолдар ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өзінің Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадан шығатын жолдар ашылды

24 наурыз күні сағат 16.30-да ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы күре жолының 1291 – 1425 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Теміртау учаскесінде Нұр-Сұлтан қаласынан көліктің барлық түріне автокөлік қозғалысы ашылды.

24 наурыз күнгі сағат 16.40-та ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесі ашылды.

24 наурызда сағат 21.00-де ауа райы жағдайының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті автожолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Ерейментау учаскесінде Нұр-Сұлтан қаласынан көлік қозғалысы ашылды.

25 наурыз күні республиканың 11 облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.