Ауа райы • 25 Наурыз, 2022

Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 26-28 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

Скандинавия аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады. Ал Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандары оңтүстік циклонның ықпалында болады.

«Елдің солтүстігі мен батысындажауын-шашын, боран болса, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда – қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігін, жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін антициклон анықтайды. Республика бойынша жел күшейеді», делінген синоптиктер хабарламасында.