Өнер • 16 Наурыз, 2022

Нұр-Сұлтанда «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада студенттер мен педагогтар арасында қалалық «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және Білім басқармаларының қолдауымен өткен шараны «Astana Polytechnic» жоғары колледжі ұйымдастырды.

Астана концерт залында өткен ән додасына жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 16 жұп өнерпаз қатысты. Байқау барысында сайыскерлер ән айтып қана қоймай, театрландырылған көрініс пен хореографиялық қойылым да көрсетті.

Қазылар алқасы арнайы шақырылған біліктілігі жоғары, өнер саласының майталмандарынан құралған. Атап айтқанда, ҚР Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық және классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Арайлым Рақымқызы, ҚР «Ұлттық ұлан» ансамблінің көркемдік жетекшісі Дархан Рахымғалиев, Бейбітшілік және келісім сарайының директоры Нарима Мұхамбеталина және Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі, республикалық және халықаралық байқау жүлдегері Айдын Жұмабаев төрелік етті.

Байқау нәтижесінде І орынға «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, ІІ орынға «Шипагер» медициналық колледжі, ІІІ орынға Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі ие болды. Жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды.