
Бұл туралы Get Spanish Football News сайты L’Equipe басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты. Дереккөз келтірген ақпаратқа сенсек, каталониялық клуб шынында да жазда Мбаппені қатарға қосуға ниеттеніп отыр екен. Команда Goldman Sachs-тен алған 595 миллион еуро несие мен жаңа демеуші Spotify компаниясы жыл сайын бөлетін 70 миллион еуро жұлдызды трансферлер жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Тіпті, «Барселона» футбол клубының басшылары Мбаппе «Реалдың» ұсынысын қабылдамай тұрғанда ойыншыны каталониялық команданың бас бапкері Хавимен кездестіруге ниетті.