Футбол • 25 Наурыз, 2022

Әлем чемпионаты екінші рет Италиясыз өтеді

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің төрт дүркін чемпионы саналатын Италия құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем чемпионаты екінші рет Италиясыз өтеді

Әйгілі Италия құрамасы әлем чемпионатына жолдама үлестіретін електік кезеңнің жартылай финалында сүрінді. Солтүстік Македония құрамасына қарсы жасыл алаңға шыққан Италия футболшылары қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп, төртжылдықтың басты додасынан тыс қалды. Бұған дейін Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмаған болатын. Енді биыл Катарда өтетін додаға жолдама иелене алмады.