Қазақстан • 25 Наурыз, 2022

Коронавирустың алдын алу жөніндегі қаулыға қол қойылды

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирустың алдын алу жөніндегі қаулыға қол қойылды

Құжатқа сәйкес:

- барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлінеді;

- барлық медициналық ұйымдарда қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің маска киіп жүруі талап етіледі;

- барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдер, босанатын, босанған әйелдер және балалар жатқызылатын мамандандырылған бөлімше ұйымдастырылады;

- босандыру және балалар медициналық ұйымдарына COVID-19 клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін олар мамандандырылған бөлімшелерге жатқызылады;

- COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізіледі;

- инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы талаптардың сақталуы міндетті;

- қызметтері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларды күтумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың тиісті жеке қорғаныш құралдарын пайдалануына бақылау жүргізіледі;

- денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастырылып, өткізіледі;

- COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізіледі. Сондай-ақ әр азамат үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуына мән беруі қажет.