Аймақтар • 26 Наурыз, 2022

Оқушылар сарайына Президенттің сыйлығы табысталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына жаңа мектеп автобусы сыйланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушылар сарайына Президенттің сыйлығы табысталды

Автобус барлық заманауи талапқа жауап береді. Көлік әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу  және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. құралдармен жабдықталған.