Тағайындау • 26 Наурыз, 2022

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Панбаев Азамат Серікұлы 1987 жылы туған.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінде 2008 жылдан 2016 жылға дейін жұмыс істеген. Ол сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейін жетті.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.