«25 наурызда Степногорск ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылау пайда болғандықтан КА-3 авариялық жағдайда тоқтатылды. 26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылау табылып, КА-5 авариялық жағдайда тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу тасығыштың температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында 25 наурызда резервтегі №4 су жылыту қазандығы іске қосылды», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, қазір 3 энергетикалық қазандық агрегат және 1 су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр.
«Станцияның сыртындағы температура 93-95 С, қалаға кіре берістегі температура 71 С. Қазіргі уақытта апаттық сөндірулерді жою бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригадалар ұйымдастырылды. Жақын арада апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады», дейді ведомстводан.