Президенттің шамадан тыс өкілеттіктерден бас тарту бастамасы саяси жаңару бағытындағы тағы бір қадам. Парламенттің рөлін күшейту – «күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» саяси жүйе кескін-келбетін іске асыру билік институттары мен жергілікті өкілді органдардың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Атап айтқанда, мәслихаттарға сайлаудың аралас үлгісін енгізу өте уақтылы және халықтың сұранысына жауап береді. Мәслихаттардың рөлін арттыру және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл да біраз уақыттан бері талқыланып, бүгінгі құжатта көрініс тапқан мәселе болып табылады. Жергілікті басқару органдарын қаржыландыруды кеңейту және олардың меншік базасын кеңейту көзделіп отыр.
Мемлекет басшысы жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыс істеуінің іргелі қағидаттарын айқындайтын құжат ретінде есептелетін Еуропалық жергілікті өзін өзі басқару хартиясын ратификациялау қажеттігі туралы айтты. Осы шаралардың барлығы жыл ортасына дейін жүзеге асуы тиіс. Бұл бастамалар халық пен биліктің арасындағы сенімді арттыруға септігін тизгізетіні анық.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,
Сенат депутаты