Қоғам • 28 Наурыз, 2022

Атырауда инклюзивті театр ашылады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында инклюзивті театр ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда инклюзивті театр ашылады

«Инклюзивті театр - бұл физикалық және психикалық даму ерекшеліктері бар адамдар сахналайтын қойылым. Біздің қала үшін және тұтастай алғанда бүкіл Қазақстан үшін бұл әлеуметтік оңалтудың жаңа бағыты. Жоба бастамашыларына «Біз де адамбыз» ҚҚ қатысты. Жалпы, театр құру идеясы Қор резиденттері арасында сауалнама жүргізгеннен кейін туды. Бұл ретте тиісті жағдайлар жасалмаса мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру мүмкін емес», деді «Біз де адамбы» қорының жетекшісі Гүлназ Қосмұрзиева.

Оның айтуынша, инклюзивті театр аясында 4 шығармашылық үйірме өз жұмысын бастайды. Атап айтқанда: вокал, би, актерлік шеберлік және сөйлеу бойынша түзету-дамыту жұмыстары.

Жыл соңына дейін театр әртістері екі театр қойылымын қойып, екі шығармашылық кеш ұйымдастырады деп күтілуде.

Гүлназ Космурзиева атап өткендей, болашақта инклюзивті театрды әлеуметтік кәсіпкерлікке айналдыру мақсаты қарастырылуда, осылайша әртістер тұрақты табыс таба алады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024