Кәсіпқой бокс • 28 Наурыз, 2022

Жапониялық басылым Головкин-Мурата кездесуіне болжам жасады

1422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапониялық Yahoo! Japan басылымы Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасында өтетін жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жапониялық басылым Головкин-Мурата кездесуіне болжам жасады

«Екі боксшының да соққысы сойқан екені мәлім. Күші мығым жігіттер арасындағы шайқаста нокауттан қашып құтылу мүмкін емес. Кездесу тағдырын төрешілердің шешімі шешеді дегенге сену қиын. Екеуінің қайсысы жеңіске жетсе де, нокауттың болатыны анық. Бұл шайқас сонысымен де жанкүйерлер үшін қызық болмақ», деп жазды басылым.