Үкімет • 28 Наурыз, 2022

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.

Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;

сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті;

тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін - қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім - су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін - үшкіл орамал).в

Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;

 сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті.в

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім - иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.