Қоғам • 28 Наурыз, 2022

Елімізде импорттық тауарлардың бағасы қымбаттаған

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Energyprom сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес, Қазақстанда импорттық тауарлар мен азық-түліктің бағасы 13%-ға дейін қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде импорттық тауарлардың бағасы қымбаттаған

«Қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілер азық-түлік сұранысының басым бөлігін жергілікті өніммен қамтамасыз ете алды. Ұн - 99,7%, жұмыртқа - 97,2%, жарма мен күріш - 96,6%, құс еті - 95,5%, өсімдік майы - 88,8%, макарон өнімдері - 96,6%, кеспе және басқа да ұқсас ұн өнімдері - 85,1% жергілікті өніммен қамтылды. Сүт өнімдері сегментінде өзіндік қамту деңгейі – 84,4%. Десе де, жергілікті өндірушілер сары майға деген сұраныстың 67,9%, ірімшік өнімдеріне деген сұраныстың 53,7% ғана жаба білді», дейді зерттеушілер.

Бұл ретте шұжық өнімдерінің 62,3%, көкөніс пен жемістің 50,2%, өңделген және консервіленген балықтың 47,6%, шоколадтың 36,2%, қанттың 35,8%, шай мен кофенің 29,9% жергілікті өніммен қамтылған.

«Қаңтар айының қорытындысы бойынша импорттық тауар мен азық-түлік бағасы бір жылда 12,8%-ға қымбаттаған. Оның ішінде ТМД елдерінен келетін импорттың бағасы 21,3%, өзге елдерден келетін тауар бағасы 4,9%-ға өскен. Азық-түліктің ішінде қант пен қанттан жасалатын кондитерлік өнім бағасы 38,7%, ет, балық, теңіз өнімдерінің бағасы 32,3%, май өнімдері 26,9%, шұжық өнімдері 20,6%, күнбағыс майы 15%-ға қымбаттаған», деп нақтылады сарапшылар.