Нақты айтқанда, отандық қор биржасында 13 ресейлік компания – «Аэрофлот-российские авиалинии», «Газпром», «Норильский никель», «Лукойл», «Магнит», «Новолипецкий металлургический комбинат», «Ростелеком», «Сбербанк», ВТБ Банк, «КТЖ Финанс», «Управляющая компания «Восток-Запад», ООО «Управляющая компания «Восток-Запад» басқаруындағы «Фонд первичных размещений» және «Фонд ВДО развивающихся российских компаний» компанияларының құнды қағаздары бойынша сауда қызметі тоқтатылды.
«Сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім Орталық депозитарийден осы бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға шектеулер туралы ақпараттың түсуіне байланысты», делінген KASE хабарламасында.
– Ресей Федерациясында шетелдіктерге ресейлік бағалы қағаздарды сатуға шектеудің енгізілуіне байланысты сауда тоқтатылды. Еске салайын, ресейлік компаниялардың акциясымен аударым жасауға, қандай да бір операция жүргізуге және жай ғана сатуға тыйым салынды. Ұлттық есептеу депозитарийі қазақстандықтар үшін де бағалы қағаз сатпайды. Өйткені біз де шетелдік болып саналамыз. Өткен аптаның соңында ресейлік бағалы қағаздардың төмен бағалары біздің оқырмандарымыздың көпшілігін алдап кетпеді деп үміттенеміз. Бұл тыйымның қашан алынатыны белгісіз, – деп жазады FINANCEkaz каналы.