«Турасын айтсам, екі боксшы арасындағы үшінші жекпе-жек мен үшін түк те қызық емес. Екі кездесуді көрдік, көңілге көп жайды түйдік. Геннадий Головкин аз күннен кейін қырық жасқа толады. Үшінші шайқас өткен жағдайда «Канелоның» Головкинді соққының астына алғанын ғана көреміз. Үшінші кездесуді төрт-бес жыл күтпей, екінші жекпе-жектен соң бірден өткізгенде жағдай басқаша болар еді. Қазір «Канело» нағыз спорттық бабына енсе, Головкин қартайып қалды. Ашығын айтсақ, Головкин Сергей Деревянченконы жеңген жоқ. Ал Сергей Деревянченконың деңгейі «Канелоның» деңгейін маңайлай алмайды. Боксшы қырыққа келген кезде әбден шаршағаны білінеді. Сондықтан да трилогияның түкке керегі жоқ», деді бапкер өз ойын түйіндеп.
Америкалық бапкер Джоэль Диас отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Fight Hub TV-ға сілтеме жасап.
Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10
Шымкентте екі қабатты мейрамхана өртке оранды
Шымкент • Бүгін, 13:33