Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Ақпарат министрлігінің өкілеттіктері кеңейтіледі

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ведомствоның өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақпарат министрлігінің өкілеттіктері кеңейтіледі

Атап айтқанда, ведомство өкілеттіктерін келесідей кеңейту жоспарланып отыр:

  • Онлайн-платформаны немесе лездік хабар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабар алмасу сервисінен тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату;
  • Егер онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын анықтау үшін бағдарламаны орнатпаса, өз ресурстарымен пайдаланушылар санын анықтайды;
  • ҚР сәйкес шетелдік онлайн-платформаның немесе жедел хабар алмасу сервисінің қызметін шектеу.
  • Уәкілетті органға мұндай ақпаратты ұсына отырып, коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан талдау және мониторинг жүргізеді.

Бұдан басқа, министрлік ҚР заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген, сондай-ақ қолжетімділігі уақытша тоқтатылған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарды есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізетін болады.

Сондай-ақ, АҚДМ

  • тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектейді, ҚР Заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын әзірлеп, бекітеді.
  • Шетелдік онлайн-платформалардың немесе лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша заңды өкілдердің тізілімін жүргізеді.

Құжат 12 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.