Кәсіпқой бокс • 29 Наурыз, 2022

Головкин Азиядағы үздік боксшылардың бестігіне енді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DAMN стиримнгтік қызметі өзінің твиттерінде Азиядағы ең танымал боксшылардың бестігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин Азиядағы үздік боксшылардың бестігіне енді

ТОП-5-ке Жапония өкілдері Наоя Иноуэ және Казуто Йока, Филиппин өкілдері Нонито Донэр және Марк Магуайр, сондай-ақ Қазақстандық Геннадий Головкин кірді.

Еске сала кетсек, жақында Геннадий Головкин Азия боксы тарихындағы ең ауқымды жекпе-жектердің бірін өткізеді. Ол 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында WBA Super орта салмақтағы әлем чемпионы Риота Муратамен шаршы алаңға шығады. Ал Наоя Инуэ жапон эфирінде шоудың комментаторы болмақшы.